Профессор М. М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасының 2 курс студенттері кестеге сәйкес “СМУ“ КеАҚ университеттік госпиталінің ПТР зертханасының базасында орналасқан ғылыми–зерттеу зертханасының орталығында сабақ бастады. Микробиология бөлімінің базасында ғылыми және эксперименттік жұмыстарды орындау кезінде ИФА және ПТР жүргізіледі. Студенттерге микробиологиялық зертханадағы сабақ, әсіресе микроорганизмдермен жұмыс, микроскоппен морфологиялық ерекшеліктерді зерттеп, микроорганизмдердің түрін анықтау өте ұнады.