Құмар ойындарға патологиялық тәуелділік-лудомания №1 “ЖОББМ” – де

Құмар ойындарға патологиялық тәуелділік-лудомания №1 “ЖОББМ” – де

01.10. 2024 жылы психиатрия және наркология кафедрасы №1 “ЖОББМ” 11 сынып оқушыларына арналған “Құмар ойындарға патологиялық тәуелділік– лудомания” тақырыбында іс-шара өткізді.

Ұйымдастырушылар: кафедра ассистенті А.А. Алмагамбетова, кафедра доценті Н.Н. Оспанова, сондай-ақ 3513 ЖМ тобының студенттері (кураторы А. А. Алмагамбетова), 1-ші оқу жылының резиденттері Ж. Е. Мұратбеков, А. Қ. Алдажар.

Кездесудің мақсаты: мектеп оқушыларын лудомания ұғымымен таныстыру, құмар ойындардың зиянды әсерін көрсету, құмар ойындарға тәуелділік мәселесі бойынша білім деңгейін арттыру, ақыл-есі сау, тұлғалық жағынан дамыған оқушыны тәрбиелеу.

№1 мектеп оқушыларына: кафедра ассистенті А.А., кафедра доценті Н.Н. Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Соңғы жылдары лудомания проблемасы (ойынға тәуелділік) барған сайын кеңейе бастады. Ол шынымен де осындай жаппай сипатқа ие болды. Өз сөздерінде олар людоманияның негізгі себептерін, лудоманияға бейім факторларды, тәуелділік белгілерін, ойын белсенділігінің даму кезеңдерін, салдарын, лудоманияның алдын алуды атап өтті. Оқушылар белсенді қатысты. Кездесу соңында өздерін қызықтырған сұрақтар қойылды.

Рубрикалар: Қоғамдық өмір