Жыл сайын қазан айының басында біз ұстаздар күнін атап өтеміз. Бұл мереке оқушылар мен студенттердің ұстаздарына құрмет көрсетуіне, оларға қаншалықты қажет екенін, әрі маңызды екенін көрсетуге бағытталған. Осыған орай 1 қазан күні PhD докторы, бірінші санатты хирург Әуенов Медет Әуенұлы жетекшілігімен 4215 тобының 10 студенті “Жалпы медицина” мамандығы бойынша Ұстаздар күніне арналған сынып сағатын өткізді.Өз ұстазын құттықтау арқылы шәкірттер барша ұстаздарды сүйіспеншілігі мен шыдамдылығы, парасаттылығы мен адалдығы үшін құттықтап, алғыстарын білдірді! Дүниежүзілік мұғалімдер күні әрбір адамды бір кездері өмірін өзгерткен сүйікті ұстаздарын еске алуға шақыратыны қуантады.