2024 жылдың 7-ші қазанда Дипломнан кейінгі білім беру, жұмысқа орналасу жəне түлектер мансабы мектебінің қызметкерлері Өскемен қаласында дәріс алып жүрген білім алушылармен кездесті. Интерндер мен резиденттердің сабақ өту барысын, грантты өтеу шарттарын түсіндіру мақсатымен деканаттың қызметкерлері Альмисаева Айгүл Әділбекқызы мен Абраимова Қымбат Жеңісқызы аттанған болатын. Кездесу барсыныда резиденттердің клиникалық базаларында білім алу процессін көріп, оқутышулар және білім алушылармен пікір алмасты. Мансап маманы – Қымбат Жеңісқызы жиналыс барысында мемлекеттік грантты өтеу заңнамасы мен шарттарын түсіндіріп, білім алушыларды мазалаған сұрақтарына жауап берді.
Барлығы Өскемен қаласында 190 интерн мен 250 резидент білім алуда. Филилалдың өз жатақханасы, стационары, сонымен қатар болашақ жас мамандар білім алып, дағдылардын шыңдап жатқан 16 клиникалық база бар екенін атап өту жөн.

