«Гастроэнтерология (ересектер мен балалар)» мамандығы бойынша резидентура білім бағдарламасы

«Гастроэнтерология (ересектер мен балалар)» мамандығы бойынша резидентура білім бағдарламасы

«Семей медицина университетінің» КеАҚ Ішкі аурулар мен Ревматология кафедрасының базасында «Гастроэнтерология (ересектер мен балалар)» мамандығы бойынша резидентура білім бағдарламасы бойынша жас мамандар дайындалады. «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резидентура 2 оқу жыл ішінде меңгеріледі. Осы бағдарлама асқорыту жүйесінің жиі тараған және сирек кездесетін ауруларын уақытында заманауи диагностикасы, емі және реабилитациясы мен алдын алу туралы жан – жақты толыққанды білімді беруге бағытталған.

Қазіргі уақытта «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резидентурасында 1 оқу жылының 7 резиденті және 2 оқу жылының 4 резиденті оқиды, оның ішінде 5 резидент «Семей медицина университетінің» КеАҚ Университеттік госпиталінің Гастроэнтерология бөлімінің базасында оқиды, 4 резидент – Өскемен қаласындағы университеттің филиал базасында және 2 резидент – Павлодар қаласындағы университеттің филиал базасында білім алады. Резиденттерді академиялық және клиникалық тәлімгерлердің қадағалауымен өздерінің пациенттерді дәрігерлік қарау, пациенттермен және әріптестермен қарым қатынас кезінде дәрігерлік этика мен деонтология принциптерін ұстануға, диагностика мен емдеу дағдыларын игеруге, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға және белсенді түрде клиникалық талдаулар мен консилиумдарда, жаңа заманауи диагностика мен емдеу тәсілдерін талқылауға және енгізуге үйрену жолдары айтылды. Резиденттер академиялық тәлімгермен сабақтар жүргізу барысында қазіргі уақытта заманауи клиникалық нұсқаулықтарды, классификацияларды, диагностика мен емдеу әдістерін, дүние жүзінде ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша жаңадан қолданып жүрген диагностика мен емдеу әдістерін талқылайды. Ғылыми зерттеулерге қатысып, ғылыми еңбектерін академиялық тәлімгермен бірге жариялайды.

Теория, тәжірибе мен ғылыми бағыттарды ұштастырған, кәсіби білікті және өзінің біліктілігін үздіксіз шындауға ұмтылатын мамандарды дайындауға бағытталған «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резидентура оқу бағдарламасына түсуге шақырамыз.

 

 

Ішкі аурулар мен Ревматология кафедрасының доцент қ.а. Шаханова А.Т.