2024 жылдың 23 қыркүйегі мен 7 қазаны аралығында Дипломнан кейінгі білім беру, жұмысқа орналасу жəне түлектер мансабы мектебі 6 және 7 курс интерндері және резиденттерімен, барлық мамандықтар бойынша кездесулер өткізілді.
Күн тәртібіне келесі мәселелер қойылды:
- 2024-2025 оқу жылына арналған академиялық саясат.
- «Семей медицина университеті» КеАҚ білім алушыларының босатқан сабақтарын өтеу және академиялық айырмашылықтарды жою тәртібі туралы ереже.
- Оқу тәртібі.
- Білім алушылардың этикасы
- Әртүрлі мәселелер.
Субординацияны сақтау, оқу ақысын төлеу, жеке оқу жоспарлары мен есептерді толтыру, сабаққа қатысу, босатылған пәндерді өтеу мәселелеріне, пәндер бойынша бағалау үлгісіне ерекше назар аударылды. Резиденттер мен интерндерге мемлекет ішіндегі академиялық ұтқырлық, сондай-ақ резиденттер үшін кәсіби тағылымдамадан өту туралы ақпарат берілді.

