Мемлекет басшысының жолдауын талқылау

Мемлекет басшысының жолдауын талқылау

03 қазан 2024 жылы ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында «Медицина және педиатрия мектебінің» 1110-1112 топ студенттерімен  кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауы талқыланды.

Президенттің жолдауы – елдің жылдық даму стратегиясын айқындайтын маңызды құжат.

Мемлекет басшысы терең саяси және экономикалық реформалар жүргізу, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігін атап өтті.

Студенттер Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді.

Кураторлар Орынбасарова Б.А., Есентаева А.М.