Жалпы білім беру пәндері кафедрасының орыс тілі оқытушылары 2024 жылғы 9-16 қыркүйек аралығында «Я шагаю по университету» – атты жыл сайынғы акция аясында 1 курс студенттеріне университет бойынша таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды және өткізді. Университет ғимараттарымен танысу мақсатында студенттер мұражайға, оқу-клиникалық орталыққа және кітапханаға барды. Бірінші кезекте бірінші курс студенттеріне университет тарихы мұражайы көрсетілді. Әбілқасымова А.А. және Құсайынов М. біздің Alma-mater-дің даму тарихы, университеттің өркендеуіне баға жетпес үлес қосқан көрнекті түлектер мен оқытушылар туралы айтып берді. Әрі қарай бірінші курс студенттері университет кітапханасына барып, оқу залын, абонементті және университеттің “Шекарасыз кітапхана” пайдалану ережелерімен танысты, бұл кітаптарды өз қалауы бойынша еркін таңдауға және оларды қайтаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушылары М. К. Кәкімжанова, Н.Б. Ыыбаева, Н. Е. Мұсабекова студенттерді триаж аймағымен, муляждармен, интерактивті манекендермен таныстырды.
Студенттер өткізілген экскурсия туралы өз әсерлерімен бөлісті. Бірінші курс студенттері риза болып, көптеген әсерлерге ие болды.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы