“Public Health”студенттік ғылыми үйірмесінің ашылуы

“Public Health”студенттік ғылыми үйірмесінің ашылуы

2024 жылдың 4 қазанында Қоғамдық денсаулық кафедрасында СҒЗЖ бойынша жауапты оқытушы және үйірме жетекшісі Искакова Назым Серикановнаның жетекшілігімен “Public Health” студенттік ғылыми үйірмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл білім беру кеңістігі Денсаулық сақтау саласындағы білім, идеялар мен тәжірибе алмасу алаңына айналады.

Ашылу салтанатына кафедра оқытушылары, сондай-ақ халық денсаулығы, аурулардың алдын алу және денсаулық сақтауды басқару мәселелеріне қызығушылық танытқан студенттер қатысты. Ашылу салтанатында м.ғ.к., кафедра доценті У. С. Самарова және м.ғ.м., докторант Б. Б. Оразаева құттықтау сөз сөйледі.

Бірінші кездесу аясында қатысушылар вакцинация, эпидемиологиялық мониторинг, салауатты өмір салты және медициналық көмектің қолжетімділігі сияқты қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, болашақ зерттеулерге негіз бола алатын өткен жылдардағы сәтті жобалардың мысалдары қарастырылды.

Алдағы семестрге арналған жоспарларға ерекше назар аударылды. Жоспарларда-мамандардың қатысуымен тұрақты кездесулер, семинарлар өткізу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру және ҚР медициналық жоғары оқу орындарымен бірлескен жобалар әзірлеу. Үйірмеде студенттер өз білімдерін тереңдете алады, практикалық дағдыларын жетілдіре алады және маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қоса алады.

Рубрикалар: Оқушылар