Қазақстан халқы тілдері күні

Қазақстан халқы тілдері күні

Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында 16-20 қыркүйек аралығында жалпы білім беру пәндері кафедрасы тілдер апталығын өткізді. Мерекенің мақсаты-тілдерге деген сүйіспеншілікті ояту, ортақ тіл мәдениетін арттыру, елімізді мекендейтін барлық халықтардың тіліне, мәдениетіне ұқыптылық пен қызығушылықты тәрбиелеу.

Орыс тілі оқытушылары мереке аясында келесі іс-шараларды ұйымдастырды: тақырыптық газеттер көрмесі, өлеңдерді мәнерлеп оқу байқауы, студенттерді бейне құттықтау  оған барлық білім беру бағдарламаларының  1 курс арасында 1107,1102,1221,1215,1110,1104,1234,1218,1113,1303,1235,1307,1301,1105,1218,1101,1112,1114,1113,1303,1220,1111,1223 топтары   белсенді қатысты.

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша: 1 орын – 1234 топ, 2 орын – 1215,1220,1301 топтар, 3 орын – 1102,1109,1105 топтар  жеңімпаз атанды Барлық 1 курс студенттерінің белсенділігі, шығармашылық қабілеттері, қатысуға және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс айтамыз!

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы

Рубрикалар: Категориясыз