1 қазан-Халықаралық қарттар күні

1 қазан-Халықаралық қарттар күні

1 қазан-Халықаралық қарттар күні. Қарттар күні-бұл біздің ата- әжелерімізді ерекше назармен қоршайтын жарқын және мейірімді мереке.
Аға буын өкілдеріне деген құрмет пен назардың белгісі ретінде “СМУ” КЕАҚ дерматовенерология кафедрасының 1-ші оқу жылының резиденттері бүкіл кафедра атынан Семей қаласының қарттар үйіне барып, шағын сыйлық сыйлады. Бұл тарихтың онжылдықтарын біріктіретін аға буынға, олардың еңбегі мен даналығы үшін жасалған алғыстың аз ғана бөлігі.