Міндетті грант өтемі туралы

Міндетті грант өтемі туралы

2024 жылдың 8-ші қазанында «Семей медицина университеті» КеАҚ ауыл квотасы және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітіруші курс білім алушыларына «Қаржы орталығы» АҚ-ның жетекші маманы Ақзира Серікқалиқызы  ҚР «Білім туралы» Заңы негізінде жас мамандарға міндетті 3 жыл мөлшерлес жұмыс өтілімі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақзира Серікқалиқызы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы №403 бұйрығы бойынша енгізілген өзгерістермен таныстырды, сонымен қатар «Қаржы орталығы» АҚ-ы тарапынан жүргізілген Ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара әрекеті туралы түсіндірме жасады.

2025 жылы бітіретін жас мамандарға 1414-тен СМС хабарлама келетіндігі туралы, және зейнетақы аударымдарын тексеру мақсатында жас маманның 511 немесе 512 жауабын таңдау арқылы жүзеге асатынын түсіндірді.

Кездесу барысында, екінші мамандық алсам қалай болады, жұмыс таппаған жағдайда не істеймін, қазірден бастап жасаған жұмысым саналама, тұрмысқа шықсам қалай болады, әскерге шақырылған жағдайда және екінші рет магистратураға түссем не істеуге болады деген  сияқты әртүрлі сұрақтарға толық жауап берілді.

Білім алушыларды міндетті грант өтеміне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Университетте түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.