Бүгін Қарағанды облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының «Медицина ғылымын дамыту. Болашақ медицинасы: жаңа көкжиектер» отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Қарағанды облысының әкімі, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА академиктері, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, жергілікті атқарушы органдардың, Медициналық және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Қазақстанда медицина ғылымын дамытуға қатысты қарар қабылданды. Еліміздің медицина және денсаулық сақтау саласындағы зерттеу қызметін дамытудың әртүрлі аспектілері талқыланды. Атап айтқанда, еліміздегі педиатриялық қызметті дамытудың проблемалары мен перспективалары, денсаулық сақтауға жасанды интеллектті енгізу, Онкологиядағы дербестендірілген медицина, сондай-ақ жүйені реформалау құралы (МӘМС) ретінде қоғамдық денсаулық сақтау мен ғылымды дамыту мәселелері қозғалды.