Кураторлық топ студенттерін КеАҚ “СМУ” -нің негізгі құжаттарымен, ережелерімен таныстыру

Кураторлық топ студенттерін КеАҚ “СМУ” -нің негізгі құжаттарымен, ережелерімен таныстыру

2024 жылдың 30 қыркүйегінде 5108, 5230, 5234, 5133, 5229, 3338 “Жалпы медицина” мамандығы бойынша және 3431 “Педиатрия” мамандығы бойынша топ студенттері үшін кураторларымен, неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ассистенттерімен: Е.В.Кириллова, Ш. Б. Ахметқалиева, Н. С. Калабухова, Әрінқызы Ж., Н. А. Филипповамен кураторлық сағат өткізілді. Студенттер ЖОО-ның жаңа ережелерімен танысты. Қорытынды бағалауды, формативті және жиынтық бағалауды жүргізу тәртібі, пәнді қорытынды бағалау, қайта тапсыру, апелляциялау және жиынтық емтиханды өткізу ережелері, сондай-ақ өткізіп алған сабақтарды пысықтау тәртібі және Студенттер үйіндегі мінез-құлық ережелері талқыланды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.