2024 жылдың 8 қазанында Жазықбаева Л.К. (ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының доценті) , 3526, 3120, 3103 кураторлық топтар және №1 студенттер үйінде тұратын студенттермен физиологиялық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Уразалина Найля Мұратханқызымен кездесу ұйымдастырды. Профессор Уразалина Н.М. өз биографиясымен бөлісіп, медицина саласына қалай келгені, ғылыммен қалай айналыса бастағаны және осы жолдағы қиындықтарды қалай жеңгені туралы әңгімеледі. Ол патофизиология саласындағы зерттеулерін тереңірек түсіндіріп, ғылыми көзқарас пен сындарлы ойлаудың медицина тәжірибесіндегі маңыздылығын ерекше атап өтті. Профессор студенттердің кәсіби даму мен жеке мотивацияға байланысты сұрақтарына көп көңіл бөліп, өзінің өмірлік тәжірибесімен және әрбір зерттеуші мен дәрігер жолында кездесетін қиындықтарды жеңуге арналған кеңестерімен бөлісті. Студенттер кездесу барысында академиялық мансап пен жеке тұлғалық өсуге байланысты қызықтырған сұрақтарды қойып, шараның жылы және достық атмосферасын жоғары бағалады. Найля Мұратханқызы өзінің ғылымға деген сүйіспеншілігі мен мақсаткерлігінің жарқын үлгісімен барлық қатысушыларды шабыттандырды.
Куратор Жазықбаева Л.К., 3526, 3120, 3103 топ Медицина