“СМУ” КеАҚ білім алушылары арасында нашақорлықтың алдын алу

“СМУ” КеАҚ білім алушылары арасында нашақорлықтың алдын алу

2024 жылғы 1 қазанда “Медицина” ББ және “Педиатрия” ББ 1 курс білім алушылары үшін “Нашақорлықтың алдын алу. Есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласында қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық” атты жиналыс өтті

Кездесудің негізгі мақсаты-нашақорлықтың алдын алу және білім алушыларға есірткінің зияны туралы түсіндіру.

Дәріскерлер ретінде психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті м. ғ. к. С. Д. Жаныбеков және “Жалпы медицина” ББ 5108 тобының білім алушысы Т. Төлеуханова сөз сөйледі. Білім алушыларға психоактивті заттар түрлері, есірткінің адамдардың денсаулығына да, қоғамның негіздеріне де тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, жастар ортасында профилактикалық жұмыстарға арналған ұсыныстар айтылды.

Жиналыс барысында Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Гаухар Серікқызы Еспаеваға сөз берілді. Ол білім алушыларды нашақорлыққа, есірткі саудасына қарсы күрестің құқықтық аспектілерімен таныстырды.

Жиналыс соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Рубрикалар: Оқушылар