“Жүйке жүйесінің функционалды анатомиясы” шеберлік сыныбы
Ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай – ақ тәжірибелік сабақтар мен дәріс оқу сапасын арттыру мақсатында, 14-ші қазан күні профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында “Жүйке жүйесінің функционалдық анатомиясы” шеберлік сыныбы өткізілді. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу Мемлекеттік медицина университетінің А.П. Нелюбин атындағы Фармация институтының профессоры Керім Мутиг шеберлік сыныбының спикері.