Батырлық пен табандылықты, отансүйгіштікті жас ұрпақ бойына тәрбиелеу мақсатында, 2024 жылдың қазан айында жоспарлы түрде «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен білім алушы студенттер мен медицина қызметінің капитаны Терликбаев Даурен Қалидоллаевич арасында кездесу өткізілді.
«Семей медицина университеті»КеАҚ әскери кафедрасының түлегі, қазіргі уақытта Аякөз қаласындағы Әскери госпитальдің зертханалық бөлімшесінің бастығы Терликбаев Д.К., өзінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери қызметін келісімшарт бойынша өткеру тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен бірге, әскери қызмет түрлері, мерзімі, міндеттеріне тоқталып өтіп, әскери қызметшілерге және олардың отбастарына берілетін жеңілдіктері мен артықшылықтары, т.б жайлы мағлұматтар берді.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға байланысты көптеген мәліметтер алды.
Кездесу өте қызықты да, әсерлі өтті.
Әскери кафедраның тәрбие жұмысына жауапты запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов