Диагноз бағдарламасында арқадағы ауырсыну туралы сұхбат

Диагноз бағдарламасында арқадағы ауырсыну туралы сұхбат

2024 жылдың 10 қазанында “Диагноз” бағдарламасында неврология, офтальмология және Оториноларингология кафедрасының ассистенті Ш.Б. Ахметқалиевамен “арқадағы ауырсыну”тақырыбында сұхбат өтті. ДДСҰ мәліметтері бойынша, әр адам өмірінде кем дегенде бір рет арқадағы ауырсынуды сезінеді. Қазіргі адамдардың көпшілігінің жұмысы отырып жұмыс істеу өмір салтымен байланысты, көбісі оны физикалық белсенділік пен жаттығулармен өтеуге асықпайды. Көп жағдайда арқадағы ауырсыну омыртқаның бұлшықет және буын-байлам аппараттарының дисфункциясына байланысты.

Сұхбат барысында келесі сұрақтар қарастырылды:арқадағы ауырсынуға тұрғылықты жер маңызды ма, біздің еліміздегі эпидемиологиялық жағдай қандай, алғашқы белгілерді қалай тануға болады, адамда қандай асқынулар пайда болуы мүмкін, қандай қауіп факторлары бар, адам қай жерде емделуі керек және невропатологқа қашан бару керек, омыртқаның КТ және МРТ-сы қай уақытта жасалуы керек.

Сонымен қатар, емдеу мәселелері қозғалды: дәстүрлі емдеу қаншалықты сәтті, әр түрлі себептермен бізге қол жетімді емес заманауи зерттеу әдістері бар ма, арқадағы ауырсынумен ауыратын науқасты ине және массаж көмегімен емдеуге бола ма, жаттығулардың қандай түрлері омыртқаның жағдайын нашарлатуы мүмкін және физиотерапияның қандай түрлерін ұсынамыз, аяқ киім омыртқаның денсаулығына әсер ете ме,жоқ па, бандаж және корсеттерді кию керек пе? Осылайша, пікірталас барысында тұрғындардан мүмкін болатын ең көп сұрақтар қамтылды, осы мәселенің алдын алу бойынша жалпы ұсыныстар берілді.

Рубрикалар: Категориясыз