Инфекциялық аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының қызметкері, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, ассоциирленген профессор Смаил Е. М. 2024 жылдың 17-18 қазанында өткен II халықаралық Med-конгрессте «Адам және денсаулық. Медицинадағы көп салалы тәсіл» тақырыбында баяндама жасады. Спикер «Эхинококкоз — өңірдің өзекті мәселесі» тақырыбында баяндамасында Қазақстанда эхинококкоз барлық облыстарда, әсіресе Абай облысында кездесетінін атап өтті. Адамдар арасында аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіштері Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында (71%) байқалады. Ұсақ малдар арасында инфекцияның ең жоғары көрсеткіштері Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында – 16.7% және 12.52% анықталған. Эхинококкоздың патологиялық процестің локализациясы әртүрлі болуы мүмкін, бұл ауруды диагностикалауды және, нәтижесінде, емдеуді қиындатады. Осыған байланысты екі түрлі локализациямен эхинококкоздың клиникалық жағдайлары ұсынылды. Мамандардың, поликлиника және стационар деңгейінде, бұл гельминтозды диагностикалауда сақ болу қажеттілігіне назар аударылды.
«Ересектердегі инфекциялық аурулар» пәні.