2024 жылдың 21 қазанында Өскемен қаласының «ЖДТ» кафедрасында ассистенттер С.С.Ахметова, Г.Е.Нигманова және 728 тобы «Қазақстан Республикасының күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Бұл шараның мақсаты: халықтың рухын көтеру, мемлекеттілікті нығайту, бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайту. Қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының күні жыл сайын 25 қазанда тойланады. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдағаннан бері бұл мерекенің еліміз үшін орасан зор тарихи және символдық мәні бар. Декларация Қазақстанның тәуелсіздігінің негізін қалады
Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қасиетті Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл құжаттың тарихи маңызы бар
Республика күні – тәуелсіздіктің нышаны және Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жүріп өткен ұзақ жолды еске түсіру.