Semey New School мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы – Сыздықбаев М.К.

Semey New School мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы – Сыздықбаев М.К.

Семей қаласындағы «Семей» Жаңа мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Сыздықбаев Марат Келісұлы жүргізді.
Мектеп оқушылары мектеп қабырғасынан бастап дәрігер болудың жолдары, дәрігерлердің кәсіби қызметі, түрлі мамандықтағы дәрігерлердің өмірінен қызықты сәттер, әсіресе анестезиолог-реаниматологтардың жұмысы туралы қызығушылықпен тыңдады. Медициналық жоғары оқу орнына түсу және дәрігерлердің қызметі туралы түрлі сұрақтар қойылды.
«Семей медицина университеті» КЕАҚ-қа түсуге ниет білдірген 4 жоғары сынып оқушысы бар. Мектеп мұғалімдері мен мектеп оқушылары қызықты қарым-қатынасқа риза болып, шын жүректен алғыстарын білдіріп, әрі қарайғы ынтымақтастық пен жобалар үшін мектепке шақырылды.