11.10.2024 ж. Абай ауданындағы Әуезов жедел жәрдем станциясында медицина қызметкерлеріне арналған «Тұмау, ЖРВИ және Covid-19: диагностикасы, емдеу және алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Дөңгелек үстел барысында әлемде, Қазақстан Республикасында және Абай ауданындағы ЖРВИ, тұмау және Covid-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай баяндалды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар 16 тамыздағы 2024 ж. № 7 «Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша санитариялық-профилактикалық, санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, эпидемиялық маусым 2024-2025 ж.» қаулысымен таныстырылды.
Спикерлер қазіргі кезеңдегі ЖРВИ, тұмау және Covid-19 клиникалық көрінісінің ерекшеліктері туралы талқылады.
Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың, тұмаудың және Covid- 19-дың дифференциалды диагностикасы және тәуекел тобына жататын адамдырады осы инфекциялардың ағымының ерекшеліктері бөлек қарастырылды. Жүкті әйелдердегі ЖРВИ, тұмау және Covid-19, төтенше жағдай деңгейінде медициналық көмек көрсету алгоритмі және алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.
«Ересектердегі жұқпалы аурулар» пәні