Наваратри фестивалін мерекелеу

Наваратри фестивалін мерекелеу

«Семей медицина университеті» КеАҚ шетел бөлімінің білім алушыларына мәдени-бұқаралық және эстетикалық тәрбие беру үшін жоспарлы іс-шаралар өткізу шеңберінде 2024 жылдың 11 қазан күні Наваратри фестиваліне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. Фестивальдің ежелгі тамыры бар, оның басты кейіпкері – ғарыштық энергия мен құнарлылықты бейнелейтін Ана Құдайы. Мереке күндері күзгі күн мен түннің теңелуіне байланысты, жыл мезгілдері өзгеріп және егін жинау аяқталады. Іс-шараны университет әкімшілігі, шетел білім алушылар мектебі және Tecas-KZ компаниясының қолдауымен шетел бөлімінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өз күштерімен ұйымдастырылды. Салтанатты жүргізуші ашты, Дурга Құдайы мен оның барлық бейнелеріне арналған дәстүрлі рәсім салттық билерімен аяқталды. Шетел білім алушылар мектебі деканының құттықтауынан кейін би кеші өтті. Мереке атмосферасы университет қабырғасында Үндістанның бір бөлігін жаңғыртуға және елдің мәдени, этникалық және дәстүрлі құндылықтарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Рубрикалар: Оқушылар