Мастер – класс «Цитомегаловирусты инфекция»

Мастер – класс «Цитомегаловирусты инфекция»

18 қазанда Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар орталығының» мәжіліс залында «Адам және денсаулық. Медицинадағы көпсалалы тәсіл» тақырыбындағы II Халықаралық Med-конгрес аясында, аралас форматта «Цитомегаловирустыя инфекция. Ересектер мен балалардағы диагностика және емдеу ерекшеліктері» атты шеберлік сыныбы өтті.

Шеберлік сыныбының ұйымдастырушылары м.ғ.к. Эфендиев И.М., м.ғ.к. Мансурова А.А., доценттер Құдайбергенова Н.Қ. және Маукаева С.Б. Семинар тыңдаушылары: балалар жұқпалы аурулары кафедрасының және жұқпалы аурулар, тері-венерология және иммунология кафедрасының оқытушылары, Абай обласының инфекционист – дәрігерлер (балалар, ересектер), резиденттер, интерндер, студенттер. Барлығы 76 адам қатысты.

Құлжанова Шолпан Адлгазықызы, м.ғ.д., профессор, “Астана медицина университеті” жұқпалы аурулар және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі және Алшынбекова Гүлшарбат Қанағатқызы, м.ғ.к., “Қарағанды медицина университеті” жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының қауымдастырылған профессоры баяндамалармен сөз сөйледі.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Эфендиев И.М. қорытынды сөз сөйледі.

Мастер-класс қатысушылары баяндамашылар мен іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы 

Жұқпалы аурулар, тері-венерология және иммунология кафедрасы

Жарияланды: