Med -конгресс аясында “Адам және денсаулық”

Med -конгресс аясында “Адам және денсаулық”

2024 жылғы 17 қазанда II Халықаралық Med -конгресс аясында «Адам және денсаулық.  Медицинадағы мультидисциплинарлық тәсіл» КеАҚ «СМУ» бас ғимаратында «Жұқпалы аурулар: 21 ғасыр тағылымы» тақырыбында секциялық отырыс өтті. №7 секцияның ұйымдастырушылары мен модераторлары медицина ғылымдарының кандидаты, жұқпалы аурулар, тері және иммунология кафедрасының доценті Нуралинова Г.И., балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Смаилов Е.С. Бұл шарада балалар жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті А.Қ.Құмарбекова баяндама жасады. Тақырыбы: «Семей қаласындағы балалардағы энтеровирусты инфекцияның клиникалық ерекшеліктері». Ағымдағы 2024 жылғы эпидемиялық маусымға арналған балалардағы  ЭВИ,  клиникалық және зертханалық сипаттамалары көрсетілген. РФ «Смоленск мемлекеттік медицина университеті»,  ф.ғ.к. доцент, микробқа қарсы химиотерапия ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Муравьев А.А. сонымен қатар Ахунбаева И.К атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қызметкерлері Чечетова С.В., Радченко Е.А., Мамбетова М.К. баяндама жасады.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз