2024 жылдың 21 қазанында жалпы медицина факультетінің 3337 топ студенттері эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы куратор Мукашева Гүлбаршын Дарынқызының жетекшілігімен «Қаржылық сауаттылық, қаржылық қамтамасыз ету және киберқылмыстардың алдын алу».
Іс-шараның мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылық және жеке деректерді қорғау туралы хабардарлығын арттыру. Студенттер қаржылық қауіпсіздіктің негізгі аспектілерін талқылады, қаржылық менеджмент және киберқауіптерден қорғау тақырыптары бойынша баяндамалар жасады, сонымен қатар киберқылмыстардың алдын алу бойынша практикалық ұсыныстармен бөлісті.
Әрбір қатысушы онлайн-банкингті пайдалану тәжірибесі туралы айтып, желідегі деректерін қалай қорғау керектігі туралы өз ойларымен бөлісті. Дәріс сағаты студенттердің қаржылық қауіпсіздік және киберқылмыстардың алдын алу туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті, бұл болашақта оларға пайдасын тигізері сөзсіз.