«Қазақстан Республикасы күні» кураторлық сағаты

«Қазақстан Республикасы күні» кураторлық сағаты

2024 жылдың 24 қазанында «Жалпы медицина» факультетінің 5318 кураторлық тобымен (ұйымдастырушылар доценттер Смаил Е.М., Маукаева С.Б.) Қазақстан Республикасы күніне арналған кураторлық сағат ұйымдастырылып, өткізілді. Кураторлық сағатта 25 қазанда Қазақстан өз елінің тарихындағы ең маңызды күнінің бірі – Республика күнін атап өтетіні айтылды. 1990 жылдың дәл осы күні еліміздің Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болған Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларацияда Қазақ КСР-нің егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі принциптері ретінде мыналар бекітілді: біртұтас мемлекет, оның аумағының біртұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, қазақ этносының және Қазақстанның басқа да этностарының төл мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлік. Кураторлық сағаттың мақсаты топ студенттеріне мерекенің тарихын еске түсіру, студенттердің Отанымыз – Қазақстан туралы білімдері мен түсініктерін тереңдету және кеңейту, мәдениетке, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.
«Ересектердегі жұқпалы аурулар» пәні.

Жарияланды: