Табиғаттағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерімен танысу

Табиғаттағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерімен танысу

2024 жылдың 15 қазанында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3337 топ студенттеріне табиғатты қорғау және сақтау бойынша идеялар насихатталып, түсіндірілді, сонымен қатар табиғатта және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстырылды.

Табиғатты қорғау – ең маңызды мемлекеттік міндет және бүкіл халықтың ісі.

Табиғатты қорғауға жәрдемдесу мақсаты – табиғатты қорғауға белсенді түрде көмектесу үшін адамдарды табиғатты қорғау іс-шараларына барынша тарту.

Топ кураторы Мұқашева Гүлбаршын Дарынқызы табиғатта және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы әңгіме жүргізді.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауға қатысты.

Жарияланды: