25 Қазан-Республика күніне орай Өскемен қаласы ЖДТ кафедрасында өткен мерекелік шара

25 Қазан-Республика күніне орай Өскемен қаласы ЖДТ кафедрасында өткен мерекелік шара

Республика күні — еліміз үшін ерекше мереке. 1990 жылдың 25 қазанында Тәуелсіздік Декларациясы жарияланып, Қазақстанның өз алдына жеке мемлекет болғанына бүкіл әлем куә болды. Қазіргі кезге дейін бұл мереке ерекше аталып өтеді. Бұл күн — біздің ата-бабаларымыздың еркіндікке қол жеткізу үшін жүріп өткен күреске толы жолын еске алатын күн.

2024 жылдың 23 қазанында  Өскемен қаласындағы ЖДТ кафедрасының  6-7 курс интерндері мерекелік іс-шара өткізді. Шараға көп студент белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Олардың ішінде 633-топ интерні Солтан Томирис, 627 және 634-топ интерндері Тәуелсіздікке ән арнады. 629-топ интерні Мағзатов А.Д. “Бір ел болса” өлеңімен өнерін көрсетті. 628 және 631-топ интерндері сахнада өлеңдерін оқып, Тәуелсіздікке тағы да бір құрмет білдірді. 632-өздері дайындаған видеороликті көрсетіп, домбырамен күй арнады.  729-730 топтары би билесе  ал , 732-топ интерні Пионербеков Марат ән арнады. Осы мерекелік шараны 728-топ интерндарі видеороликпен  тәмамдады. Өткізілген шара көрерменге ұнады, олар өз пікірлерін білдірді.

Баршаңызды шын жүректен Республика күнімен құттықтай отырып, Қазақстан бейбітшіліктің, ырыс-ынтымақтастықтың, ізгілік пен өркендеудің мекеніне айналсын дегім келеді. Әр күніміз қуаныш пен бақытқа, береке мен шуақты сәттерге толы болсын!

Болашақта да өз Отанын сүйетін, қастерлейтін ұрпақ көп болады деп сенеміз.

Рубрикалар: Мерекелер