Профессор С.О Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында сыртқы бағдарлама аясында қазан айында профессор А.П.Нелюбин атындағы Фармация институтының профессоры Мутиг Керим Валентиновичпен биохимия гормондары туралы мәселелер талқыланған практикалық сабақтар өтті. Сабаққа студенттер мен биохимия оқытушылары қатысты. Мұндай форматтың маңыздылығын, тәжірибе алмасуды, анатомия, гистология, фармакология және басқа пәндермен интеграцияны күшейту сапасын арттыруды атап өтті. «Эндокриндік жүйе»модулі бойынша қызықты, мазмұнды және танымды сабақтары үшін Мутиг Керим Валентиновичке алғысымызды білдіреміз. Доцент м.а. Олжаева Р.Р.