19 қыркүйек күні Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Сәкім Д.Ғ. «Жалпы медицина» мамандығы, 446 топ студенттерімен кураторлық сағат өткізді. Кураторлық топ 2024-2025 оқу жылына арналған ішкі тәртіп ережелерімен танысты:
- Академиялық саясат.
- Пән саясаты.
- Академиялық адалдық саясаты.
- Ішкі тәртіп ережелері.
- Студенттердің этикалық кодексі.
2024-2025 оқу жылына арналған жаңартылған ішкі тәртіп ережелерінде пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін студент 90% сабаққа қатысуы қажет. Себепсіз сабаққа келмеу сабақты құрметтемеумен тең. Университетте сабаққа себепсіз қатыспауға жол берілмейді және өтелмейді. Студенттер ішкі тәртіп ережелерін, студенттердің этикалық кодексін және университеттің тәртіп саясатын қатаң сақтауы керек. Студенттер университеттің жаңа ережелерімен танысты.