Ішкі кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында серіктес-ЖОО-ны КеАҚ “Қарағанды медициналық университетінің” “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының студенттері “Жетілдірілген эпидемиология-1” пәні бойынша оқудан сәтті өтті. Сабақ “Семей медицина университетінің” КеАҚ Қоғамдық денсаулық кафедрасында 30.09.24-16.10.2024 ж. аралығында өтті.
Практикалық сабақтар барысында кафедра оқытушысы, PhD Г.К. Амантаеваның жетекшілігімен білім алушылар зерттеудің өзекті әдістерін меңгерді, кейстерді талдады және жеке эпидемиология саласындағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған практикалық тапсырмалармен жұмыс жасады. Аталған бағдарламаға қатысу білім алушылардың эпидемиялық жағдайға талдау жүргізу, эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, олардың құзыреттерін дамыту, сондай-ақ болашақ кәсіби қызметке даярлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасын қоғамдық денсаулық кафедрасы жоғары деңгейде ұйымдастырды, оны білім алушылардың формативті және жиынтық бағалау, сондай-ақ кері байланыс нәтижелерінен көруге болады.
Қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті Ш. М. Токешева