2023 жылы 23-шы қазанда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті Сайдахметова А.С. басшылығымен жалпы медицина мамандығының 2312 кураторлық тобында Республика күніне орай кураторлық сағаты өтті. Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру және отаншылдық құрмет құндылығын дарыту кураторлық сағаттың басты мақсаты болды. Осы орайда топтың бірнеше студенттері тамыры тереңге жайылған тарихты қозғай отыра, дәйекті деректер келтіріп ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысты. Атап айтқанда, Бажаков Алинур, Құдайберген Айша, Мейрханова Дана, Ясинов Нұрасыл, Абрешова Адия, Тілеуқанов Айдар және Серікбек Аружан өздері білетін тарихи мәліметтерді топ студенттеріне баяндай білді. Топ студенттері мемлекеттің дамуына және Қазақстанның құрылысына жеке үлес қосудың маңыздылығын сезініп, әрбіреуі бұны мемлекет үшін маңызды қағида ретінде қалыптастырып, келер ұрпаққа насихаттау керек екенін түсінді.