2024 жылдың 23 қазанында «МУС» КЕАҚ А.А. Қозбағаров атындағы акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенттерінің жетекшілігімен Шарипова М.Г., Саркучикова Г.Ж., Жақсылықова З.Қ., «25 қазан – Қазақстан Республикасының күні!» тақырыбында студент интерндердің қатысуымен кураторлық сағат өтті.
2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнінің мәртебесін қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды.
Талқылау барысында тарихқа бір қадам шегініп, азаматтығымызды айқындаған шешімдерді талқыладық.