Осы аптаның басынан бастап бізде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері өтуде. Бүгін университетке ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Владимирович Цой мен Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Қаркенұлы Молдабеков келді. Университетте медициналық жұртшылықпен, қаланың медициналық мекемелерінің басшыларымен, бас дәрігерлермен, кафедра меңгерушілерімен кездесу өтті.
Жиын барысында ҚР ПІБ МО спикерлері Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының қызметі, Ұлттық госпиталь, санаторийлер, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы және басқа да бөлімшелердің қызметі туралы айтып берді.
Кездесуден университет аумағында білім мен тәжірибенің символы – «Білім кітап» монументінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ескерткіште Шығыс және батыс медицинасының «әкелері» – ибн Сина (Авиценна) және Гиппократ бейнеленген. «Білім кітабы» батыс және шығыс медицинасы әр уақытта және бір – бірінен бөлек дамығанына қарамастан, аурулармен күресу жолдарының біртұтастығын және білім мен ізденістің шексіздігін әйгілеп тұр.