Дәрігерлер династиясымен кездесу

Дәрігерлер династиясымен кездесу

22.10.2024 күні Семей медицина университетінде 4311 топ студенттері және топ кураторы Егежанова Гульбаршын Мырзахметовнаның гинекологтар әулетінің өкілдерімен кездесуі өтті. Дәрігерлер династиясы – адам денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы білім-тәжірибесі мен ынта-жігерін біріктіретін дәрігерлік кәсіпті ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан отбасы. Олар –  Курмангалиева Долорес Айсановна , Нургалиева Раиса Қусаиновна,  Арыкбаева Альмира Сериковна және Шолпан Орашевна. Қатысушылар олардың медицина саласындағы көп жылдық тәжірибелерімен, мамандықтың қиындықтары мен ерекшеліктерімен таныса алды. Мұндай кездесулер болашақ дәрігерлерге өз кәсібі туралы көбірек білуге және ондаған жылдар бойы әйелдер денсаулығына қамқорлық жасағандардың үлгісінен шабыттануға тамаша мүмкіндік береді. Студенттер мамандық таңдауға, резидентураны аяқтауға және кәсіби жолды бастауға қатысты сұрақтар қойып, кеңестер ала алды. Сонымен қатар, “Semey” телеарнасы білім ошағына студенттердің гинекологтармен кездесуі туралы репортаж түсіріп, қатысушылардан сұхбат алды.

Жарияланды: