Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының университетке келуі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының университетке келуі

«СМУ» КеАҚ сапары аясында Сенаторлар алдымен университет тарихы музейімен танысты. «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Алтай Дюсупов қонақтарды музей тарихымен, экспонаттармен таныстырып, ректорлар, деканаттар, ЖОО-ның қалыптасу тарихы туралы айтып берді. Сондай-ақ, қонақтарға ағымдағы жылы енгізілген университеттің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі таныстырылды.

Сапар барысында сенаторлар оқу-клиникалық орталыққа, симуляциялық технологиялар кафедрасына барды. ЖОО басшысы мен ОКО басшысы оқу кабинеттерін, симуляторларды көрсетті, білім алушылар алған білімдерін, дағдыларын көрсетті.
Парламент Сенатының депутаттары жұмыс сапары аясында Семей медицина университетінің жаңа оқу корпусының салтанатты ашылуына қатысты. Ғимараттың ауданы 1450 шаршы метр, ішінде 30 кабинет орналасқан, жиыны 400-450-ге жуық білім алушыны оқытуға мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда корпуста қоғамдық денсаулық, мейірбике, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедралары, ішінара стоматологиялық пәндер кафедрасы орналасқан.
Ары қарай делегация университет госпиталіне барды. Университет госпиталінде жаңа ангиограф орнатылған рентгенэндоваскулярлық операция бөлмесі ашылды. Аппаратты орнату емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге және гибридті технологияларды дамытуға, сондай-ақ рентгенэндоваскулярлық операцияларды жүргізу және медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл университет госпиталіндегі екінші ангиограф екенін айта кеткен жөн.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз