04.10.2024 ж. КеАҚ “СМУ” балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті А.К. Құмарбекова 4224 ОМ тобымен негізгі құжаттарымен және ережелерімен танысуға арналған кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат барысында білім алушылар КеАҚ “СМУ”құжаттарындағы жаңа ережелермен танысты : академиялық саясат, Академиялық адалдық, білім алушылардың ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың әдеп кодексі, тәртіп саясаты. “Семей медицина университеті”КЕАҚ білім алушыларының жіберіп алған сабақтарды пысықтау тәртібі және академиялық айырмашылықты жою туралы егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, 2024-2025 оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспары жасалды.