«СМУ» КеАҚ басшылығы бекіткен сенбілік іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында 2024 жылдың 2 қарашасында жатақхананың дәрісханасында студенттерді біріктіруге бағытталған қызықты тренинг өтті. Бұл тренинг студенттерді біріктіруге бағытталған танымдық, мәдени және бос уақытты ұйымдастыру іс-шарасы аясында өткізілді. Бұл іс-шараға 5 адамнан тұратын командалар құрылып, студенттер командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
Тренинг барысында алғашқы кезең “Танысу” өтті, онда студенттер өз есімдерін айтып, әрқайсысы есімінің алғашқы әріпінен басталатын бір сөзбен өзін таныстырды. Одан кейін “Көпір салу” ойынында қатысушылар қағаз, скотч, қайшы және маркерлер пайдаланып, 20 минут ішінде креативті көпір жасау тапсырмасын орындады.
Келесі кезеңде “Мимикалық ойын” өткізілді, мұнда әр командадан бір адам мимика арқылы карточкадағы сөзді көрсетуге тырысты. Бұл ойын коммуникация мен сенімділікті дамытуға зор әсерін тигізді.
Содан кейін “Сөзді айтып жібер” ойынында командалар тізбек құрып, сыбырлап сөйлемдерді жеткізді. Бұл ойын коммуникациядағы дәлдікті сынауға мүмкіндік берді.
Соңында, қатысушыларға викторина ұсынылды, онда олар сұрақтарға жауап беріп, жеңімпаз атануға мүмкіндік алды.
Тренинг-ойын кезеңдері аяқталғаннан кейін қазылар алқасы жиналған ұпайларды есептеп, жеңімпаз топтар анықтады. Оларға сертификаттар табысталып, сыйлықтарға ие болды.
Қорытындылай келе кафедра меңгерушісі Байбусинова Асель Жанартасқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысқан студенттерге, сонымен қатар тренинг-ойынды ұйымдастырып, өткізген оқытушыларға алғысын білдірді.
Олимпиаданы ұйымдастыруға эпидемиология және биостатистика кафедрасының келесі оқытушылары қатысты: Мукашева Г.Д., Ибраева Ж.Б., Мукышева А.М., Тукинова А.Р., Қанат Д.Қ., Эфендиева Э.И., Жапарова Ж.Д., Байбусинова А.Ж.