4 қарашада «Radix» (латын тілінен «түбір») мектебінің кеңесшілері бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді. Медициналық университеттің әрбір студенті анатомияны оқи бастағанда ғана өзін болашақ дәрігер ретінде сезінеді. Анатомия – медицинаның негізіі. Мұғалімдер мен студенттер арасындағы ерекше қарым-қатынас ортасы негізінде қалыптасқан мектеп оқушылардың жеке қасиеттерін дамытуға және кәсіби дәрігерлік құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал етеді. Өзіндік оқу – оқытудың құрамдас бөлігі. Мектепте «оқушыдан студентке» бағдарламасы бойынша өз бетінше білім алуға және тәжірибе алмасуға жағдай жасалған, білім берудің жаңа технологиялары қолданылады. Мектеп келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді: кеңес беру курсы, білім беру секторы. Мектеп кафедра меңгеруші Кожанова Сауле Кенесхановна және кафедра оқытушыларының қолдауымен 2011 жылдан бастап жұмыс істеуде. «Radix» консультанттары консультациялар, олимпиадалар, ОСПЭ, студенттер арасында үздік препараттау бойынша конкурстар өткізеді.