4 қарашада доценттер Смайыл Е.М., Құдайбергенова Н.К. және Маукаева С.Б. “Жалпы медицина” 5421 тобымен бірлесіп “Авиценна” медициналық колледжінің 3 курс студенттері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Студенттерге жоғары оқу орнына түсу ережелері, білім беру қызметі, университеттің клиникалық, тәрбие жұмысы, әскери дайындық кафедрасы туралы айтылды. Бакалаврлар ЖОО-да оқу тарихы, болашақ жоспарлары туралы айтып берді. Колледж студенттері университетте оқуға қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды, оларға толық жауаптар берілді.