16 қыркүйек 2024 жылы”А.А.Қозбағарова атындағы акушерия және гинекология” кафедрасының ассистенті Саркучикова Г.Ж орыс тілінің негіздерін оқыту мақсатында шетел бөлімінің студенттеріне арналған Speaking Club сөйлесу клубының кезекті отырысын өткізді.
Қатысушыларға “Акушер–гинеколог дәрігерінің клиникалық практикасы” тақырыбы бойынша терминологиялары бар глоссарий алдын ала ұсынылды. Глоссарийді ұсыну студенттерге арнайы терминологияны меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар пәндік саланы жақсырақ түсінуге көмектеседі. Сабақта студенттер өздерінің сөздік қорларын толықтырды, білім алушылар мұндай сабақтардың шетелдік студенттер үшін өте пайдалы екенін атап өтіп, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.