2024 жылдың 28-29 қазаны «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің» Фармация мектебі С.Д. Асфендияров-тың 135 жылдығына арналған «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық студенттік олимпиада өткізді.
КеАҚ «СМУ» атынан құрамына «Фармация» ОБ-ның қазақ және орыс бөлімдерінің 5 курс студенттері кіретін екі команда қатысты.
Олимпиада фармацевтикалық химия, фармакогнозия, дәрілік заттар технологиясы, фармация менеджменті және экономикасы пәндері бойынша өтті.
Олимпиада 4 тур бойынша өткізілді: сәлемдесу, тест тапсырмалары, жағдаяттық есептерді шешу, шығармашылық көшбасшылық сайысы.
КеАҚ «СМУ» атынан шыққан екі команда да жүлделі 3-орынға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және түлектеріміз фармацевтика саласының дамуына үлес қосады деп сенеміз!!!
м.ғ.д., профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Лауенова С.А.