2024 жылдың 30 қазан күні Өскемен қаласы ” Металлург” мәдениет сарайында “Өнер қырандары ” театрының отбасылық концерті өтті. 731 ЖТД топ интерндері мен Өскемен қаласының ,ЖДТ кафедрасының ассистенті Енсибаева Ш.Д бұл концертті тамашалауға барды
«Өнер қырандары» театры — қазақ ұлттық өнерінің жан-жақты дамуына үлес қосатын театрлардың бірі. Театр 2004 жылы Алматы қаласында құрылған. Театрдың мақсаты — ұлттық дәстүр мен заманауи өнердің үндесуін көрсету, қазақ мәдениетін жаңаша әрі қызықты етіп сахналау.
Олардың репертуарында қазақтың классикалық драмалары, қазіргі заманғы қойылымдар, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерге арналған спектакльдер де бар. Театр ұжымының шығармашылық құрамы әртүрлі бағытта жұмыс істейді, және де халықтық өнер мен ұлттық мəдениетті жаңаша форматта насихаттайды.
Сонымен қатар, театр өзіндік ерекше стилі мен шығармашылық тәсілімен ерекшеленеді.