“Speaking club” студенттік клубы сессияларының жұмыс кестесіне сәйкес жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының доценттері Н.К.Құдайбергенова мен С.Б.Маукаева клубтың кезекті отырысын өткізді. Сессия барысында оқытушылар жұқпалы аурулардың клиникалық және зертханалық диагностикасы мәселелерін талқылады. Студенттерге инфекологияда қолданылатын және студенттерге пациенттермен орыс тілінде сөйлесуге мүмкіндік беретін орыс тіліндегі негізгі медициналық терминдердің глоссарийі ұсынылды.