«БІЗ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ҒЫЛЫМЫ»

«БІЗ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ҒЫЛЫМЫ»

Семей Медицина Университеті КеАҚ госпиталды хирургия, анастезиология және реаниматология кафедрасында «10 қараша  Дүниежүзілік ғылым күніне» орай ЖМ факультетінің 4412 топ студенттері «Біз және әлем ғылымы» атты ашық сабақ өткізілді, пән жетекшісі PhD, қауымдастырылған профессордың м.а Әуенов Медет Әуенұлы.

Дүниежүзілік ғылым күнін өткізуіне  1999 жылы Будапештте өткен Дүниежүзілік ғылыми конференцияда ұсынылған. ЮНЕСКО ұйымы 1999 жылғы конференцияның күн тәртібін негізгіге ала отырып, 2001 жылы өткен жалпы конференцияда Дүниежүзілік ғылым күнін ресми түрде атап өту қажеттігін мәлімдеген.

Ресми түрде Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күні деп аталатын бұл күн қоғамға ғылымның пайдасын түсіндіруді арттыру мақсатында жыл сайын 10 қарашада атап өтіледі.

Кез келген елдің бүгіні мен болашағы ғылыми қызметпен тікелей байланысты. ХХІ ғасырда ғылым мен инновация адамзат дамуының қозғаушы күшіне айналды. Ғылым – ұлттық байлық, Республикамыздың болашағының кепілі. Ғылыми-техникалық жетістіктердің арқасында адамзат өркениеті алға жылжыды. Қоғам дамуының жоғары деңгейін көрсететін ғылыми өрлеуде бүкіл әлемдегі ғалымдар әлемнің игілігі үшін жұмыс істейді.

Дүниежүзілік ғылым күні – бұл әлемдік ғылыми қоғамдастықтың мақсаттары мен міндеттерін өзектендіру және жұртшылыққа оның рөлін еске түсірудің мүмкіндігі.

Ашық сабақ барысында госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Мейірбек Жақсыбекұлы Аймағамбетов – осы мерекеде Қазақстандық ғылым мен кәсіби білімнің дамуына өз еңбектерімен үлес қосып жүрген әріптестеріне, әлем зерттеушілерне және Университетіміздің оқытушы-профессорлық құрамына қоғам игілігі үшін жаңа жаңалықтары, ең батыл идеялары мен жобалардың жүзеге асуына және топ студентеріне ғылмға бағыт алуларына тілек білдірді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер