Госпиталды хирургия кафедрасының жас ғалымдар конференциясына қатысу нәтижелері

Госпиталды хирургия кафедрасының жас ғалымдар конференциясына қатысу нәтижелері

7-8 қараша 2024 жыл Дүниежүзілік ғылым күніне арналған «Медицина ғылымы мен денсаулық сақтаудағы жас ғалымдардың заманауи жетістіктері»  атты халықаралық қатысуымен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасынан докторанты, магистранты және резиденттері қатысты. Қатысушылар пленарлық отырыста және «Хирургиялық тəжірибе жəне ғылымдағы қазіргі мəселелер» секциясында баяндамалар жасады.

Тайбуров Р.К., Айтқазыев А.А. пленарлық отырыста «Операциядан кейінгі үлкен және алып вентралды жарықтарда жарық қабын пайдалана отырып кернеусіз герниопластика әдісінің нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады, ғылыми жетекшілері: м.ғ.д., профессор Аймағамбетов М.Ж., PhD, қауымдастырылған профессордың м.а. Әуенов М.Ә.

Әуенов М.Ә., Т.Б. Қадысов «Ультрадыбыстық CL – CE5 жіктелуі бойынша бауыр эхинококкозының хирургиялық емінің нәтижелері» тақырыбында «Хирургиялық тəжірибе жəне ғылымдағы қазіргі мəселелер» секциясында баяндама жасады, ғылыми жетекші: м.ғ.д., профессор Аймағамбетов М.Ж.

Енгізілген әдістемелердің өзектілігі мен жаңалығы бойынша ғылыми баяндамалар ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша үздік деп танылды