Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық мұрасы

Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық мұрасы

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 6 қараша 2024 жылы  әскери

кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Ш.О. және әскери кафедраның      аға оқытушысы запастағы медицина  қызметінің подполковнигі Смаилов Н.С. жетекшілігімен ұлы жазушы  Сәкен Сейфуллинің 130-жылдығына орай «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық мұрасы» тақырыбында  әскери кафедрада білім алушы  4316 топ студенттерімен тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында студент Н.Абилмажинов пен Ұ.Майдан жазушының өмірбаяны, қазақ әдебиеті және қазақ халқының дамуына қосқан үлесі туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, іс-шара барысында студенттер Семей қаласында орналасқан «Өлім вагоны» мемориалы туралы айтып берді. Дәл осы атаман Анненковтың «өлім вагондары» жайлы Сәкен Сейфуллин өз романында жазып, сол жерде 47 күн отырған еді.

Сәкен Сейфуллин өткен ғасырдың қазақ зиялыларының жарқын өкілі ретінде еліміздің тарихында қалады.

СӘКЕН – қайталанбас тұлға және де мәңгілік халық жадында…

Әскери кафедраның 4316 топ студенттері

Жарияланды: