Абай облысының Курчатов қаласы және Бесқарағай мен Бородулиха аудандарымен кездесу

Абай облысының Курчатов қаласы және Бесқарағай мен Бородулиха аудандарымен кездесу

Бүгін Абай облысына қарасты Курчатов қаласы және Бесқарағай мен Бородулиха аудандармен кездесу өтті. Курчатов қаласы әкімдігі атынан әкім орынбасары – Нұрбек Тұрсынханұлы Қошқарбаев кездесуге Семей қаласына арнайы келіп қатысты, Курчатов қалалық ауруханасының бас дәрігері – Дәурия Сейсенқызы Садыбекова, Бесқарағай ауданының әкімдігі атынан әкім аппаратының басшысы –  Сұңғат Болатбекұлы Назаров, Бесқарағай аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары – Бекжан Мейрашұлы Қалдаманов және Бородулиха аудандық ауруханасының бас дәрігері –  Марат Әуеспекұлы Қосамбеков қатысты. Университет әкімшілігі атынан Басқарма Төрағасы – Ректор Алтай Ахметқалиұлы Дюсупов, Дипломнан кейінгі білім беру және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі проректор – Думан Берікұлы, сонымен қатар түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету және мансап маманы Қымбат Жеңісқызы Абраимова қатысқан болатын. Және де осы шараның негізгі себепкерлері – 2025 жылы түлеп шығаты интерндер мен резиденттер.

Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Нұрбек Тұрсынханұлы өз қаласында жас мамандар үшін жасалған қолайлы жағдайлар жайлы, инфрақұрылымы, балалар тегін қатыса алатын үйірмелер, қаланың қауіпсіз, толық жарықтанғаны жайлы ерекше тоқталған болатын. Бесқарағай ауданы әкім аппаратының басшысы Сұңғат Болатбекұлы да аудан жайлы мәлімет беріп, таныстырып өтті. Бас дәрігерлер өз кезегінде аурухананың жабдықтануы мен мамандар тапшылығы жайлы сөз қозғаған болатын. Алтай Ахметқалиұлы медициналық кадрлар тапшылығы мәселесін аудан әкімшілігімен бірлесіп жасалған жұмыс негізінде ғана оңтайлы нәтиже көрсететінін ерекше ата өтті. Думан Берікұлы – бұл кездесулер жұмыспен қамтамасыз ету кампаниясының бір кезеңі екенін қатысушылар есіне салып өтті. Білім алушылар өздерін мазалаған сұрақтарына аудан әкімшілігінен жауап алған. Нақтырақ айтатын болсақ жас маманның отбасы мүшелеріне қандай жағдайлар жасалғаны жайлы, сонымен қатар қазіргі оқып жүрген басқа облыс грантын Абай облысына ауыстыруға болады ма деген сұрақтар қойылды.